Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АБЫЛАЙХАН ЖҰБАНАЗАР МЕН ЭСМИГҮЛ КУЮЛОВА  ҮШІН ОЛИМПИАДА АЯҚТАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Дзюдодан Ұлттық құраманың 81 кг салмақтағы көшбасшысы Абылайхан Жұбаназар Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде мажар Атилла Унгваридан қосымша уақытта (golden score) жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алғаш болып отандасымыз әдіс жасаған. Алайда төрешілер жеңісті қарсыласына берді.

Осыдан кейін татамиге шыққан Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасындағы бірінші белдесуінде Лубьяна Пиовесанаға (Аустрия) жол берді. Айта кетейік, бұл Эсмигүлдің алғашқы Олимпиадасы. Ал Любьяна – Үлкен дулыға бәсекесін 2 рет жеңген, жастар арасында Еуропа чемпионы.

Суреттер: Сали Сабиров.