Ұлттық құрама спортшысы Әділбек Мусин Париж Олимпиадасында 100 метрге еркін әдіспен жүзуде іріктеуде сынға түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол мәреге 8-ші болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 49.92 секунд. Өкінішке қарай, отандасымыз келесі кезеңге шыға алмай, бұл бағдарламаны аяқтады.
Енді Мусин 2 тамызда 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде сынға түседі.
Суреттер: Владислав Семенов.