Әділбек Мусин Париждегі Олимпиадада 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде өз тобында мәреге бесінші болып келді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Оның уақыт көрсеткіші – 52.74 секунд.
Осылайша, отандасымыз жартылай финалға шыға алмады. Әділбек үшін Олимпиада осымен аяқталды.

100 метрге баттерфляй – 29-орын
100 метр еркін әдіспен – 41-орын.
Сурет: Владислав Семенов.