Қазақстандық теннисші Александр Бублик Париж Олимпиадасында Тейлор Фрицке (АҚШ) есе жіберіп, жекелей сынды аяқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әлемнің 11-ракеткасы 4:6, 4:6 есебімен басым түсті.
Дегенмен, Бублик Александр Недовесовпен жұптық сында ойнайды. Олардың бірінші айналымдағы қарсыластары – бразилиялық Тиаго Монтейро мен Тиаго Уайлд.