Бүгін теннистен ерлер арасындағы жұптық бәсекеде Александр Бублик/Александр Недовесов алғашқы айналымда бразилиялық Тьяго Монтейро/Тьяго Сейбот Уайлдпен ойнады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Екі сетке созылған матчта Қазақстан құрамасы 4-6, 4-6 есебімен жеңілді. Осылайша, теннистегі спортшыларымыздың бәрі алғашқы айналымнан ары аспады.


Суреттер: Владислав Семенов.