Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Александр Куликов пен Екатерина Таранцева финалда сынға түседі

Ұқсас жаңалықтар

Слаломда ескек есуден Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында жартылай финал жарыстары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама сапынан жекелей сында Александр Куликов пен Екатерина Таранцева ақтық сынға шықты. Жартылай финалда Александр 102.79 ұпай жинап, өз тобында 5-ші, ал Екатерина Таранцева (116.76 балл) 3-орын алды.

Ұлттық құраманың тағы бір атлеті Қуаныш Еренғайыпов 107.68 ұпаймен 7-сатыға жайғасып, финалға шыға алмады. Айта кетейік, Екатерина 2022 жылы Азия чемпионатында топ жарған. Ал Куликов 2018 жылы Джакарта қабылдаған құрлық ойындарында қола жүлдеге ие болған. Бұдан бөлек 2014 жылғы Инчхондағы додада бақ сынап, 6-орыннан көрінген, Азия чемпионатының 4 дүркін жүлдегері. Финал Астана уақыты бойынша 12:00-де басталады.