17.09.2025 | 15:38
Бөлісу:
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: 4 ПАЛУАНЫМЫЗ ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН КҮТЕДІ
Хорватия астанасы Загребте әйелдер күресінен кезекті жарыс күні басталды. Бүгін жұбаныш кезеңімен қоса алғанда бозкілемге 5 спортшымыз шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
лем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері Жәмилә Бақбергенова 1/8 айналымдағы аса тартысты белдесуде қырғыз спортшысы Нұрзат Нұртаеваға есе жіберді. Есеп: 3-3. Қарсыласы ұпай сапасы бойынша басым түсті.
Өкінішке қарай, Зейнеп Баянова (-53 кг) іріктеуде Се Ён Пактан (Оңтүстік Корея), Тыныс Дүбек (-62 кг) Алиса Новосадтан (Польша) және Бейбіт Сейдуалы (-68 кг) Хёнен Пактан (Оңтүстік Корея) айласын асыра алмады.

Енді осы қарсыластар кешке финалға шықса, Ұлттық құрама спортшылары ертең жұбаныш кезеңінде күш сынасады.
Сондай-ақ бүгін Светлана Анкичева (-50 кг) жұбаныш белдесуінде Елизавета Смирноваға (UWW) жол берді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: