Таиландтың Канчанабури өңірінде маунтинбайктан Thailand Cup турнирі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бұл бәсекеге Ұлттық құрама спортшыларыда қатысып, 1 жүлдеге қол жеткізді.
Әйелдер арасында Алина Саркулова мәреге 3-ші болып келіп, қола жүлдегер атанды. Тағы бір қазақстандық Татьяна Генеоева 6-сатыдан көрінді.

Қалған спортшылардың нәтижесі:
Ерлер:
Егор Карасев 18-орын
Under ерлер (23 жасқа толмаған велоспортшы):
Алтынбек Аханов 8-орын
Алексей Фефелов 9-орын
Әйелдер:
Алина Спирина 4-орын
Айта кетейік, 2 күнге созылған халықаралық турнирде биыл 7 мемлекеттен атлеттер сынға түсті. Былтыр Таиландтың Пхичит өңірінде өткен Кубокқа Ұлттық құрама спортшылары қатыспаған.