Бүгін Алматы қаласында фристайлдан Әлем Кубогының кезеңі аяқталды. Шешуші жарыс күні акробатика бағдарламасында үздіктер есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерлер:
1. Ван Синьди (Қытай) 127.50 балл
2. Ное Рот (Швейцария) 126.70 балл, 2 дүркін әлем чемпионы
3. Ци Гуанпу (Қытай) 122.60 балл, Олимпиада чемпионы, әлем чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы;
Мұнда Ұлттық құрама спортшыларынан жақсы нәтижені Асан Асылхан көрсетті. Ол 101.01 ұпаймен 16-сатыға тұрақтады. Қалған спортшыларымыз:
Роман Погосян 26-орын
Шерзод Хаширбаев 27-орын
Ұланбәкір Өмірзақов 28-орын
Дінмұхаммед Райымқұл 32-орын
Әйелдер:
1. Лора Пил (Аустралия) 115.91 ұпай 2 дүркін әлем чемпионы
2. Сюй Мэнтао (Қытай) 101.74 балл Олимпиада чемпионы
3. Даниэль Скотт (Аустралия) 87.06 балл.
Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Аяна Жолдас 9-орыннан көрінді. Айта кетейік, кеше фристайл-могулдан Анастасия Городко қола медаль жеңіп алған.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы.