Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ӘМІР МАЙМҰРАТОВ ОЛИМПИАДАНЫҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫМЕН СЫНҒА ТҮСТІ

Ұқсас жаңалықтар

Отандасымыз Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден Париж Олимпиадасының жартылай финалына жолдама ала алмады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз ширек финалда осы жылдам өрмелеуден әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының 2 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы Реза Әлипурға жол берді.

Әмірдің уақыт көрсеткіші – 6.14 секунд. Жартылай финал мен ақтық сын біраздан соң өтеді.

Фото: Сали Сабиров.