Париж Олимпиадасында брейкингтен ерлер арасында топтық кезең басталды. Отандасымыз Әмір Закиров алғашқы батлында Menno-дан (Нидерланд) жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызмет
Раундтар бойынша есеп: 0-2 (1-17)
Енді Ұлттық құрама спортшысы D тобында біраздан соң Billy (Марокко) және Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен белгілі қарсыласымен сынға түседі.
Фото: Тұрар Қазанғапов.