Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АНАСТАСИЯ ГОРОДКО ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Ұқсас жаңалықтар

Алматы қаласында өтіп жатқан фристайлдан Әлем Кубогының кезеңінде отандасымыз Анастасия Городко жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы параллель-могулда 3-орынға тұрақтады. Анастасия кіші финалда кеше жекелей сында топ жарған америкалық Тесс Джонсоннан озып кетті.

Ал суперфиналда Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының 3 дүркін күміс жүлдегері Джелин Кауф пен Рино Янагимото (Жапония) сынға түсіп, америкалық жеңіске жетті.

Тағы бір отандасымыз, Пхёнчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева ширек финалға дейін жетіп, Анастасия Городкоға есе жіберді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.