09.02.2025 | 15:18

АНДРЕЙ РЕМХЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕ БІР ТАБАН ЖЕТПЕЙ ТОҚТАДЫ

Таиланд Корольдігінің Пхитсанулок қаласында өтіп жатқан тас жолда велоспорттан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін Under (U23) арасында жекелей сындағы уақытқа жарысы өтті. Бұл сынға Қазақстан атынан Андрей Ремхе қатысты. Біздің велошабандоз 32,1 км қашықтықты 39 минут 39.256 секундта жүріп өтіп, 4-орынға ие болды. Отандасымыздың үшінші орынға тұрақтауына 1 секундтан аз уақыт жетпей қалды.

Уақытқа жарыс (U23)

Әли Мұхаммед әл-Мутайвей - 38:43.520

Энди Мұхаммед Роян - 39:33.400

Коки Камада - 39:38.560

Айта кетейік, 27 елдің спортшылары қатысатын Азия чемпионаты 16 ақпанда аяқталады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес