Ұлттық құрама дзюдошысы Ақерке Рамазанова Бангкоктағы Азия чемпионатында жүлдеге бір табан жетпей тоқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол (+78 кг) кіші финалда Азия ойындарының қола жүлдегері, былтырғы Азия чемпионатының финалисі моңғолиялық спортшы Адиясурэн Амарсайханға есе жіберді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.