Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АҚТАУДА ДЗЮДОДАН ЕРЛЕР ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА АЗИЯ КУБОГЫ ӨТЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

12-13 қазан аралығында Ақтау қаласында дзюдодан ерлер және әйелдер арасында ашық Азия Кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл жарыс Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесінде бар. Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирге Әзірбайжан, Гонконг, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 200-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай рейтингтік жарыс саналатын бәсеке жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мынадай ұпай беріледі:

1-орын – 100 ұпай

2-орын – 70 ұпай

3-орын – 50 ұпай

Екі күнге созылатын жарыс кестесін назарыңызға ұсынамыз:

12 қазан

Ерлер: -60 кг, -66 кг, -73 кг

Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг

10:00 – жарыстың басталуы

16:30 –жарыстың ресми ашылу салтанаты

17:00 – финалдар

13 қазан

Ерлер: - 81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг

Әйелдер: - 70 кг, -78 кг, +78 кг

10:00 – жарыстың басталуы

17:00 – финалдар