Велотректен Ұлттық құрама Чехия Республикасының астанасы Прагадағы GP Framar атты халықаралық турнирге қатысты. Бәсеке барысында Артём Захаров өзінің оң жамбасына келетін омниум бағдарламасында жеңімпаз атанды. Отандасымыз жарыста 117 ұпай жинады. Күміс жүлде украиналық, қола латвиялық шабандоздың еншісінде.
Барлығы бұл бәсекеге 17 елден 140-қа жуық спортшы қатысты.