19.07.2025 | 21:36

ӘРТІСТІК ЖҮЗУДЕН ЭДУАРД КИМ 9-ОРЫНҒА ТАБАН ТІРЕДІ

Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жүлдегері – Эдуард Ким техникалық соло сайысын тәмамдады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаттығу қорытындысы бойынша, ол төрешілердің 217.7084 ұпайына ие болды.

Техникалық соло. Финал. 13 қатысушы

1-орын – Александр Мальцев (бейтарап спортшы) – 251.7133 ұпай
2-орын – Деннис Гонзалес (Испания) – 241.1667 ұпай
3-орын – Диего Виллалобос (Мексика) – 238.1600 ұпай
9-орын – Эдуард Ким (Қазақстан) – 217.7084 ұпай

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес