14.05.2025 | 10:50
Бөлісу:
АРТЁМ АНТРОПОВ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Ауыр атлетикадан Ұлттық құрама спортшысы Артём Антропов Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан сары құрлық бәсекесінде күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Осы салмақтағы әлем чемпионы (102 кг дейінгі) бұл сында тек Париж Олимпиадасының жеңімпазы Лю Хуаньхуаға (Қытай) есе жіберді. Сондай-ақ Антропов серпе көтеруде күміс, жұлқа көтеруде қола жүлде жеңіп алды.
Ерлердің нәтижесі:
1.Лю Хуаньхуа – 410 кг (Қытай, 180+230)
2.Артём Антропов – 386 кг (Қазақстан, 165+221)
3.Давранбек Хасанбаев – 377 кг (Түркменстан, 182+195)
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық