15.05.2025 | 11:57
Бөлісу:
ЛЮБОВЬ КОВАЛЬЧУК АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕ БІР ТАБАН ЖЕТПЕЙ ТОҚТАДЫ
Бүгін Қытайдың Цзяншань қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Азия чемпионатының шешуші күні әйелдер +87 кг кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Мұнда Ұлттық құрама спортшысы Любовь Ковальчук жалпы есепте 4-сатыға жайғасты. Ол қос сайыста 256 кг зілтемірді көтерді. Айта кетерлігі, Ковальчук жұлқа және серпе көтеру жаттығуын бөлек алғанда екеуінде де 4-нәтиже тіркеді.
Жүлдегерлер:
1.Ян Ли - 310 кг (Қытай, 140+170)
2.Хьеджонг Парк - 285 кг (Оңтүстік Корея, 125+160)
3.Янгхи Сон - 282 кг (Оңтүстік Корея, 121+161)
4.Любов Ковальчук - 256 (Қазақстан, 111+145 кг)
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
АРТЁМ АНТРОПОВ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ