Бүгін Испанияның Барбейя қаласында көркем гимнастикадан Гран-при турнирінің финалдары өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшысы Айбота Ертайқызы лента жаттығуының ақтық сынында 26.800 ұпай жинап, 7-сатыдан көрінді.
Бұл сайыста Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, 5 дүркін әлем чемпионы итальян спортшысы София Раффаэли чемпион атанды. Үздік үштікті Украина мен АҚШ гимнасты түйіндеді.