Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ТАРИХИ МЕДАЛЬ! ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА КӨШ БАСТАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Сингапурда көркем гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғаш рет топтық жаттығудан көпсайыста 48,45 ұпаймен алтын алып, тарихи жетістікті тіркеп отыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Осыған дейін отандық гимнасттар Азия чемпионаттарында жүлде алғанымен, құрлық додасында Қазақстан командасы көпсайыс қорытындысы бойынша тұғырға шықпаған.

Бұл бағдарламада ел намысын Жасмин Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Мадина Мырзабай, Аида Хәкімжанова, Кристина Чепульская, Айзере Нұрмағамбетова қорғады. Ал ертең отандастарымыз финалда сынға түседі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.