Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АЗАТ КҮМІСБАЙ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Дзюдодан Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында 81 кг сынға түсетін Азат Күмісбай тұғырға көрінді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы 3-орын үшін таласта жергілікті палуан Сунатулло Мусоевтан басым түсті.

Осыған дейін 60 кг дейінгі салмақта Талғат Орынбасар да әлем чемпионатының қола жүлдесін алған. 7 қазанға дейін жалғасатын бәсекеде 67 елден 531 жас татами шебері бақ сынап жатыр.