Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ жазғы Азия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Олимпиадалық спорт орталығында өткен іс-шара «Ханчжоудың мәңгі естеліктері» атты тақырыпқа арналды. Делегациялар шеруінде еліміздің байрағын WKF каратэден ойындардың чемпионы Нұрқанат Әжіқанов ұстап шықты.
Ресми рәсім Азия ойындарының алауын келесі қабылдайтын қала Айти-Нагояға (Жапония, 2026 жылы) табыстаумен мәресіне жетті.
Айта кеитейік, Ұлттық құрама ХІХ Азия ойындарында 10 алтын, 22 күміс және 48 қола жүлдеге қол жеткізді. Медаль саны бойынша 5орында:
1.Қытай-383 медаль
2.Оңтүстік Корея-190 медаль
3.Жапония-188 медаль
4. Үндістан-107 медаль
5.Қазақстан-80 медаль
6. Өзбекстан-71 медаль.

Ал жалпыкомандалық есепте Қазақстан 11-орында:
1.Қытай
2.Жапония
3.Оңтүстік Корея
4.Үндістан
5.Өзбекстан
6.Тайпей
7.Иран
8.Таиланд
9.Бахрейн
10.Солтүстік Корея
11.Қазақстан.
Қытайда өткен XIX жазғы Азия ойындарына 45 мемлекет қатысты. Бұл қатарда олар 9 спорт түрінен келе жатқан Париж Олимпиадасының жолдамасын сарапқа салғанын айта кеткен жөн.