Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: ЕЛИЗАВЕТА БЕЗРУКОВА ҮЗДІК ОНДЫҚТА

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеу мен стенд атудан XVI Азия чемпионатында тағы бір отандасымыз ақтық сында бақ сынады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әйелдер арасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда оқ атуда Елизавета Безрукова 8-сатыға жайғасты. Оның ұпай саны 401.3.

Отандасымыз финалға дейін өткен іріктеуде 584 ұпай жинап, үздік сегіз мергеннің қатарына кірген.

Қалған спортшыларымыздың іріктеудегі нәтижесі:

Александра Ле 10-орын (584 ұпай)

Арина Малиновская 29-орын (571 ұпай)

Осы жаттығуда командалық есепте Қазақстан әйелдер құрамасы 5-орыннан көрінді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.