Дзюдодан Ұлттық құрама спортшысы Шерзод Давлатов Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатында 3-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол кіші финалда өзбек палуаны Бахром Батуровтың жауырынын жерге тигізді.
Бұл Шерзодтың ересектер арасындағы құрлық чемпионатында қол жеткізген алғашқы медалі. Ол осыған дейін кадеттер арасында 2 рет чемпион атанған.