Бүгін БАӘ-нің Абу-Даби қаласында дзюдодан Үлкен Дулыға кезеңі басталды. Дәстүр бойынша доданы 60 келіге дейінгі салмақтағы ерлер ашты. Бұл салмақта Ұлттық құраманың 2 дзюдошысы татамиге шықты. Бауыржан Нарбаев алғашқы белдесуде әзірбайжандық Туран Байрамовтан ұтылды. Ал Шерзод иорданиялық Биләл Әл-Мансұрды жеңгенімен, келесі кезеңде әзірбайжандық Балабай Агаевтан айласын асара алмады.
Айта кетейік, Үлкен Дулыға кезеңі 23 қазанға дейін созылады. Абу-Дабиге 65 елден 420 дзюдошы жиналды.

