13.09.2025 | 10:14
Бөлісу:
БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: 13 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚАНДАЙ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕР ӨТЕДІ?
Бұл күндері Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапынан Виктория Графеева (60 кг) мен Елдана Талипова (+80 кг) қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ал Аида Әбікеева (65 келі) мен Айбек Оралбай (+90 келі) чемпиондық айқасқа таласуға мүмкіндік алды. Ертең Ұлттық құраманың 6 өкілі жартылай финал кездесуін өткізеді. Одан бөлек, 3 салмақта чемпион анықталады.
Күндізгі сессия (16:00)
1-жұп. 48 келі. 1/2 финал: Назым Қызайбай – Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
7-жұп. 50 келі. 1/2 финал. Шамамен 17:30: Санжар Ташкенбай – Алехандро Кларо (Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Куба)
9-жұп. 55 келі. 1/2 финал. Шамамен 18:00: Махмұд Сабырхан – Чуанг Луи (Қытай)
Кешкі сессия (22:00) 2-жұп. 51 келі. 1/2 финал. Шамамен 22:15: Алуа Балқыбекова – Хин Жи (Қытай)
4-жұп. 70 келі. 1/2 финал. Шамамен 22:45: Төрехан Сабырхан – Одел Камара (2024 жылғы Әлем Кубогының чемпионы, 15 жекпе-жек бойы жеңіске жетіп келеді, Англия)
6-жұп. 70 келі. 1/2 финал. Шамамен 23:15: Наталья Богданова – Чантил Рейд (Париж Олимпиадасының қатысушысы, Англия).
Фото: Сали Сабиров.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ
НАТАЛЬЯ БОГДАНОВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ ЛИВЕРПУЛЬДЕГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА
АЙБЕК ОРАЛБАЙ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА