Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ТӨРЕХАН САБЫРХАН ЖАРҚЫН ЖЕҢІСПЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Ұқсас жаңалықтар

Бокстан Ливерпуль қаласындағя әлем чемпионатында ерлер бәсекесінен төртінші спортшымыз финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жастар арасында әлем чемпионы, 70 келідегі Төрехан Сабырхан жартылай финалда жарыс қожайыны Одел Камарамен жолы түйісті. Өте шиеленісті өткен жекпе-жекті жерлесіміз 4:1 есебімен өз пайдасына шешті.

Енді ол ертең қазақ жанкүйерлеріне жақын таныс Севон Оказавамен (Жапония) чемпиондық атақты сарапқа салады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.