Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

БОЛАТ САҚАЕВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-РЕТ ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Еркін күрестен Ұлттық құрама палуаны Болат Сақаев (86 кг) Иордания астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында ирандық Аболфазл Ясер Рахманиге есе жіберді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Алғашқы секундтан бастап шиеленісті өткен белдесудің есебі: 4-11. Бүгін басқа салмаққа ауысқан бозкілем шеберіміз ширек финалда Моңғолия, жартылай финалда Қытай өкілінен басым түсті.

Еске сала кетейік, Болат 2 жыл бұрын Астанада өткен сары құрлық бәсекесінде 79 кг дейінгі салмақта топ жарған.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.