Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

BULGARIAN OPEN:  ГЛЕБ КОВАЛЕНЯ МЕН КСЕНИЯ ИГНАТОВА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Жүзуден Болгарияда өтіп жатқан Bulgarian Open жарысының алғашқы жарыс күнінде біздің спортшыларға екі жүлде бұйырды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

100 метрге еркін әдіспен жүзу жаттығуында Глеб Коваленя қашықтықты 51.55 секундта бағындырып, топ жарды.

100 метрге шалқалай жүзу сайысында Ксения Игнатова 1:02.81 уақыт көрсеткішін тіркеп, күміс жүлдені иеленді. Ал Софья Сподаренко 100 метрге еркін әдіспен жүзуде жүлдеге бір саты жетпей (58.57 секунд), 4-орынмен аяқтады.

Жарыс 30 наурызда мәресіне жетеді.