Халықаралық спорт федерациялары биыл өтетін XII Дүниежүзілік ойындарға қатысатын спортшылардың тізімін жариялап жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Назарыңызға елімізден жауынгерлік самбо, джиу-джитсу, ушу-саньда, акробатика, бағдарланудан кімдер баратынын ұсынамыз.
Жауынгерлік самбо:
Айнұр Ақжігітова (65 кг)
Ұлбосын Әділова (80 кг)
Маратбек Рахметоллин (64 кг)
Бақытжан Дүйсембеков (79 кг)
Бұл спортшылар әлем және Азия чемпионатының нәтижесінде лицензия алған.
Джиу-джитсу:
Нұржан Батырбеков (-69 кг)
Сейілхан Болатбек (-77 кг)
Аслан Қанатбек (-62 кг)
Әбу-бәкір Жәнібек (-69 кг)
Нұрсұлтан Дүйсенқұлов (-77 кг)
Ушу саньда:
Ислам Каримов (56 кг)
Бағдарлану:
Әсем Назырова (Middle distance, sprint)
Дмитрий Адамович (Middle distance, sprint)
Бұл спорттан жарыс 8-10 тамызға жоспарланған.
Спорттық акробатика:
Даниель Диль
Вадим Шуляр
Илларион Мацымоха
Алиса Котова
Тай боксы:
Руслан Заякин (-71 кг)
Брейкинг сынды басқа спорт түрлерінен баратын отандастарымыз енді белгілі болады.
Еске сала кетейік, Дүниежүзілік ойындар (The World Games) 1981 жылдан бері 4 жылда бір өтеді. Ал 2001 жылдан кешенді жарыс Халықаралық Олимпиада комитетінің қамқорлығына өткен.