Париж Олимпиадасында батуттағы гимнастикадан ерлер арасындағы іріктеу аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз Данил Мусабаев 58.070 ұпай жинап, 9-сатыға табан тіреді. Данил екінші мүмкіндігінде қателік жіберіп, көрсеткішін жақсарта алмай қалды. Мусабаев 8-орындағы спортшыдан 0.570 балл қалып кетті.
Біраздан соң үздік нәтиже көрсеткен 8 гимнаст финалда жүлдеге таласады.

Суреттер: Владислав Семенов.