Қытайдың Цзуньи қаласында өтіп жатқан маунтинбайктан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Олимпиада бағдарламасына кіретін кросс-кантри бағдарламасында Денис Сергиенко 2-орын алды. Бұл жарыста Қытай спортшылары мәреге бірінші және үшінші жетті.
Еске сала кетейік, осыған дейін кросс-кантриден эстафетада Қазақстан командасы(Богдан Лухманов, Алексей Фефелов, Денис Сергиенко, Виолетта Казакова, Юлия Ли, Алина Карасева) күміс жүлдеге ие болған.
Барлығы биылғы жарыста 15 елден 160 велошабандоз жүлдеге таласып жатыр.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.