Бүгін Астана қаласындағы «Барыс-Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан IV Денис Тен Мемориалы басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жалпы 4 қарашаға дейін созылатын халықаралық бәсекеге 24 елден 80 спортшы жиналды.
Турнир биыл да ISU-дың Челленджер санатына кірген. Алдағы күндері жекелей сын (ерлер, әйелдер) мен мұзда билеуден үздіктер анықталып, ISU рейтингінің ұпайлары үлестіріледі. Сонымен қатар, жүлдегерлер қаржылай сыйақыға ие болады.

