29.05.2025 | 08:16
Бөлісу:
ДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АЛТЫНДЫ СЫЙЛАДЫ
Бүгін Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны алтын медальмен толықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
10 000 метр қашықтыққа жүгіруде алдына жан салмаған отандасымыз Дейзи Джепкемей финалда 30:48.44 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып келіп, жеңіс туын желбіретті.
Күміс жүлде жапон спортшылары Ририка Хиронакаға (30:58.32) бұйырса, қоланы Микуни Яда (31:12.21) иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде қазіргі таңда екі жүлде бар. Бұған дейін 20 км спорттық жүрістен Ясмина Тоқсанбаева қола медаль жеңіп алған.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ӘРТІСТІК ЖҮЗУДЕН ЭДУАРД КИМ 9-ОРЫНҒА ТАБАН ТІРЕДІ
ӘРТІСТІК ЖҮЗУ: СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСТА ФИНАЛҒА ӨТТІ
6 ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ: ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ТӨРТІНШІ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЛАЙ ӨТТІ?