Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Диас Жиренбаев Люксембургтегі турнирдің жеңімпазы атанды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Люксембург мемлекетінде мәнерлеп сырғанаудан Coupe du Printemps халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша Ұлттық құрама спортшысы Диас Жиренбаев 211.76 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді. Күміс жүлде француз Корентин Спинарға (190.50), қола медаль Испания өкілі Пабло Гарсияға (178.38) бұйырды.

Жарысқа 23 елден келген 115 мәнерлеп сырғанау шебері қатысты.