Биыл Түркияның Анталия қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы дойбыдан Әлем чемпионатына 19 елден 200-ге тарта ойыншы келіп, бақ сынады.
Бұл жолы отандасымыз Тоғжан Тәжібекова 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында дойбының рапид және классика түрінен де 2-орынға ие болды. Бұған дейін ол 64 шаршылы дойбыдан дәл сол санатта әлем чемпионы атанған еді.