Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Дзюдо: бүгін Будапеште Гранд Слам басталады

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Мажарстан астанасы Будапеште дзюдодан Гранд Слам бәсекесі басталады. Енді 10 шілдеге дейін 61 елдің 400-ден астам татами шебері 14 салмақта (ерлер 7, әйелдер 7) кім мықтыны анықтайды. Додаға Қазақстан құрамасы атынан 18 спортшы аттанды. Оның 12-сі ер, 6-ауы әйел.

Ерлер құрамасы:

Бауыржан Нарбаев (60 кг дейін), Мағжан Шамшадин (60 кг дейін), Дастан Шаяхметов (66 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Асқар Нарқұлов (73 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Айболат Нысанәлі (81 кг), Барак Арқабай (81 кг), Әділет Мисин (90 кг), Ерасыл Жанатаев (90 кг), Айбек Серікбаев (100 кг дейін), Серік Сәлменов (100 кг);

Әйелдер құрамасы:

Абиба Әбужақынова (48 кг), Гаухар Ирмағамбетова (52 кг), Рауза Нұрмахамметова (57 кг), Мөлдір Нарынова (70 кг), Назгүл Маратова (+78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг):