Бүгін Мысырдың Хургада қаласында көркем жүзуден әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама көшбасшысы Эдуард Ким техникалық бағдарламада 3-орыннан көрінді. Дәл осы бағдарламада тағы бір отандасымыз Алдияр Рамазанов 6-шы, Виктор Друзин 8-сатыға тұрақтады.
Жалпы бұл сында ел намысын 20 спортшымыз қорғайды. Қатысушы саны 27 мемлекеттен 220 адам.