Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ЕЛЕНА ПОТАПЕНКО ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА 15-ОРЫН АЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыстан әйелдер арасында финалға шыққан спортшылардың жартысы белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

А тобының жартылай финалында сынға түскен отандасымыз Елена Потапенко 1301 ұпай жинап, 15-орыннан көрінді.

Еленаның әр сайыстағы нәтижесі:

Семсерлесу – 200 ұпай

Конкур – 279 ұпай

Жүзу – 277 ұпай

Жүгіріп, нысана көздеу (лазер-ран) – 545 ұпай

Ал ақтық сынға осы топтан жақсы нәтиже көрсеткен 9 спортшы жолдама алды. Қалған атлеттер В тобындағы жарыстан кейін анықталады.

Фото: Владислав Семенов.