Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Елордада Министр Кубогінің алғашқы жеңімпазы анықталады

Ұқсас жаңалықтар

22-24 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында алғаш рет ұйымдастырылған ҚР Мәдениет және спорт министрі Кубогінің жартылай финалы мен финалы өтеді.

А тобының жеңімпазы мен С тобының үздігі, ал В тобының мықтысы мен D тобының жеңімпазы финалға берілер жолдама үшін таласпақ. Олар:

1-жұп: К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (Алматы) – Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (Қызылорда обл);

2-жұп: Қ.Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (Нұр-Сұлтан) – Ә.Молдағұлова атындағы спорт интернаты (Қарағанды обл);

Аталған оқу орындарының 2006-2007 жылы дүниеге келген шәкірттері бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрестен шеберлік байқасады. Мамырдың басында, 1-4 күндері өткен топтық кезеңге барлығы 17 команда қатысты. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе мен Тараз қаласында үздікті анықтады.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрінің Кубогі биыл алғаш рет өтіп жатыр. Министр Кубогінің жалпы жүлде қоры 10 миллион теңге. 1-орын алған командаға - 5 млн, 2-орынға – 3 млн, 3 орынға – 2 млн. теңге беріледі.

Бұдан бөлек, төрешілер бокстан – «Үздік техникасы үшін», еркін күрестен – «Жеңіске деген ерік-жігері үшін», дзюдодан – «Үздік әдіс үшін», грек-рим күресінен – «Көрермендердің көзайымы үшін» номинацисында жеңімпазды анықтайды.

Балалар жылы аясында ұйымдастырылып жатқан кешенді бәсеке балалар мен жасөспірімдер арасында спортты насихаттауға бағытталған. Министр Кубогінің бүгінгі қатысушылары – ертеңгі ел спортының болашағы.

22 мамыр – төрешілер мен командалар келіп, ресми салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Сонымен қатар мандаттық комиссияның отырысы болады.

22-23 мамыр – жартылай финал жекпе-жектері (Уақыты 10:00 – 16.00).

24 мамыр – 3-орын иегері мен жеңімпаз анықталады (Уақыты 11.00 – 16.30). Марапаттау қарсаңында көрермендер арасында викторина ойнатылып, дұрыс жауабын тапқандарға жүлде беріледі.