Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында фристайл-акробатикадан ҚР VI қысқы Спартакиадасы аяқталды, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биылғы жарысқа 5 командадан 40-тан астам қатысушы бақ сынады.
«Спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ең басты айырмашылық – спортшылардың кәсіби деңгейде өсуі. Өзара бәсекелестік артуда. Біз көптеген аймақтардың әлеуеті өскеніне көз жеткіздік»-деді фристайлдан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Асылбек Бейсенов.
Жалпыкомандалық есепте ең үздік нәтиже көрсеткен Шымкент қаласы жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орынды Алматы қаласы мен ШҚО спортшылары иеленді.
