Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Галина Дуванова финалға жолдама алды

Ұқсас жаңалықтар

Галина Дуванова Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Джиу-джитсудан 57 кг салмақта бақ сынайтын ол жартылай финалда әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері Орапа Сенатамның (Таиланд) осал тұсын тапты.

Оған дейін Галина іріктеуде Вуонг Мин Нгуен (Вьетнам) мен Удвал Цогхууды (Моңғолия) жеңген. Енді финалда Азияның 3 дүркін чемпионы Анние Рамирезбен (Филиппин) күш сынасады.

Галина үшін бұл екінші Азиада. Ол Джакртадағы бәсекеде 9-сатыдан көрінген. 24 жастағы Дуванова былтыр АҚШ-тың Бирмингем қаласында өткен Дүниежүзілік ойындарда күміс жүлдегер атанған.