Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Ғалия Тынбаева Грузияда жартылай финалға жолдама алды

Ұқсас жаңалықтар

Ғалия Тынбаева Грузия астанасы Тбилисиде басталған дзюдодан Үлкен дулыға бәсекесінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы А тобындағы алғашқы белдесуінде Алёна Сергееваны (Ресей), сосын Мелани Легу-Клеман (Франция) мен Аманда Лиманың (Бразилия) осал тұсын тапты.

Енді Ғалия финал жолдамасын Оңтүстік Корея дзюдошысы Хекён Лимен сарапқа салады. Екінші жартылай финалда Өзбекстан мен Франция спортшысы жолығады.

Айта кетейік, Тбилисиде қазір 83 мемлекеттен келген 531 татамиге шебері күш сынасып жатыр.