Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Ғалия Тынбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының жеңімпазы атанды

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық құрама дзюдошысы Ғалия Тынбаева елордада басталған Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстандық спортшы (-48 кг) финалда Гран-при чемпионы Сабина Гилиазованы (AIN) жықты. Тынбаева – Астанадағы Үлкен Дулыға бәсекесінде топ жарған екінші  дзюдошымыз. Былтыр ерлер арасында (-60 кг) Мағжан Шамшадин 1-орыннан көрінген.

Ғалия бүгін жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, Grand Slam жарыстарының жеңімпазы француз Ширин Боуклиді ұтты. Оның алдында әлемдік доданы екінші айналымнан бастап, В тобында Тунис, Тайпей, Түркия елдерінің спортшысынан басым болды.