Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ГАНДБОЛДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН ҚАЗАҚСТАН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Гандболдан Үндістанның Нью-Дели қаласында басталған сары құрлық бәсекесінде еліміздің әйелдер құрамасы фавориттің бірі Азия чемпионатының қола жүлдегері Қытайды жеңді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Матч 28:26 есебімен аяқталды. Осылайша, Қазақстан құрамасы 5 жылдан кейін басты қарсыластарының бірінен айласын асырды. Енді Ұлттық құрама 4 желтоқсанда Азия чемпионы Оңтүстік Кореямен күш сынасады.