Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСҚАН ГИМНАСТАР ҮЙІНЕ ЖЕТТІ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін көркем гимнастикадан Азия чемпионатына қатысып, жүлде жеңіп алған спортшылар елордаға келді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

«Астана Нұрлы жол» вокзалынан жүлдегерлер мен бапкерлерді ата-аналар, жанкүйерлер, БАҚ өкілдері мен Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері құшақ жая күтіп алды.

Азия чемпионы Айбота Ертайқызы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында былай деді:

«Азия чемпионаты, меніңше, өте жақсы өтті. Біздің команда тамаша нәтиже көрсетті. Осы жолы да қарсыластарымның деңгейі жоғары болды. Қытай, Өзбекстан, Жапония спортшыларының шеберлігі мықты. Соған қарамастан біз бар жаттығуды қатесіз көрсетуге барымызды салдық».

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.