Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Қатар астанасы Дохада аралас командалық сайыспен дзюдодан әлем чемпионаты аяқталады. Өкінішке қарай, соңғы күні Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетті.

Құрамамыз Германиямен кездесіп 0:4 есебімен есе жіберді. Алғашқы белдесуде Камила Берликаш (+70 кг) Самира Бузгарнеден ұтылса, Ғалымжан Қырықбай (+90 кг) Лоссени Конеден жеңілді. Бақыт Құсақбаеваның (-57 кг) Полин Старкқа шамасы келмеді. Ал Жансай Смағұлов (-73 кг) тартысты кездесуде Александра Габлерден жеңіліп қалды.

Қазақстан құрамасы жекелей сында да жүлдесіз қалған болатын. Әйелдер арасында ең үздік нәтижені (5 орын) Абиба Абужақынова көрсетсе, ерлерімізден Нұрқанат Серікбаев (-60 кг) пен Абылайхан Жұбаназар (-81 кг) жетінші орындардан көрінген еді.

Қазақстан осыған дейін 2014 жылы Челябинскте өткен әлем чемпионатынан жүлдесіз қайтқан.