Сингапурда көркем гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында қоржынға 2 медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан командасы топтық сайыстағы 3 шығыршық және 2 жұп ұршықпен жаттығудың финалында 26.650 ұпаймен жеңімпаз атанса, 5 лента бағдарламасында (24.100 ұпай) күміс медаль иеленді.
3+2 бағдарламасы:
1. Қазақстан - 26.650 ұпай
2. Өзбекстан - 25.150
3. Оңтүстік Корея - 24.250

5 лента нәтижесі:
1. Өзбекстан - 25.850
2. Қазақстан - 24.100
3. Оңтүстік Корея - 20.850
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын кеше құрамамыз (Жасмин Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Мадина Мырзабай, Аида Хакімжанова, Кристина Чепульская) топтық жаттығудан көпсайыста алтын алған.