Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Хоккейден еліміздің жастар құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Ұқсас жаңалықтар

Норвегияның Аскер қаласында жастар арасында (ерлер, U-20) шайбалы хоккейден Әлем чемпионатының І дивизиондағы ойындары өтіп жатыр. Қазақстан ерлер құрамасы жарыс қожайыны Норвегия және Дания, Словения, Франция, Мажарстанмен А тобына түсті.

Бүгін еліміздің жастары Мажарстан хоккейшілерінен басым түсті. Есеп: 3-2. Дінмұхамед Қайыржан осы мачтағы Ұлттық құраманың үздік ойыншысы атанды. Осы жеңістің арқасында Қазақстан топта 4-орынға көтерілді.

Кеше алғашқы ойында Қазақстан былтыр В дивизионында топ жарған Франция құрамасына 2-0 есебімен есе жіберген. Енді қазақстандық жастар 14 желтоқсан, түнде Даниямен, сосын Словения (15 желтоқсан, түнде) және Норвегиядан келген құрдастарымен (18 желтоқсан) ойнайды.

Ұлттық құрама ойыншылары: Қақпашылар: Антон Осокин («Торпедо»), Артем Шестаков, Роман Шефер (екеуі де - «Снежные барсы»)

Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Данил Базько, Семен Роев, Климентий Царев (барлығы – «Снежные барсы») Дмитрий Бреус («Чайка», ЖХЛ), Иван Гавриленко («Сарыарқа»), Аслан Жүсіпбеков («Барыс», ЖЛК), Кирилл Никитин («Номад»)

Шабуылшылар: Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Дінмұхамед Сапарбек, Даниил Цыбин, Илья Шапоров, Алмаз Муканов (барлығы – «Снежные барсы»), Дінмұхамед Кайыржан («Барыс», ҚХЛ), Всеволод Логвин, Алдияр Нұрлан, Константин Морожников (барлығы - «Номад»), Руслан Оспанов («Анкоридж Волверинс», АҚШ), Валентин Попов («Торпедо»):

Барлық құрама бір-бірімен ойнап болған соң, көп ұпай жинаған құрама ғана жоғарғы дивизионға жолдама алады.